Accessibility links

Назарбаев Ташкентте Ислам Каримовпен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Каримов.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесіп, бірқатар сала бойынша екі жақты ынтымақтастық жайын талқылады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер сауда-экономикалық, су-энергетикалық, транспорт және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жайында сөйлескен.

Екі ел басшысы бұған қоса кейбір халықаралық өзекті мәселелерді, аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Ташкентте өтеді деп жоспарланған Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитін өткізуді талқылаған.

Назарбаев Ташкентке жұмыс сапарымен кеше барған.

XS
SM
MD
LG