Accessibility links

Кремль: Путиннің Suddeutsche Zeitung туралы сөзі - "қате"


Дмитрий Песков, Кремльдің баспасөз хатшысы.
Дмитрий Песков, Кремльдің баспасөз хатшысы.

Кремль германиялық Suddeutsche Zeitung газетінен Ресей президенті Владимир Путиннің кеше айтқан "басылым америкалық Goldman Sachs банкімен байланысты" деген сөзі үшін кешірім сұрады. Путин бұл сөзін 14 сәуірде Мәскеуде тікелей желі арқылы тұрғындар сауалына жауап беру кезінде айтқан.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге тікелей желіге анықтамалық материалдарды дайындау кезінде "қате" жіберілгенін және материалдарға тексерілмеген ақпараттар еніп кеткенін айтты.

XS
SM
MD
LG