Accessibility links

ОБСЕ: Донбастағы ахуал күрт нашарлады


Өзін өзі жариялап алған "Луганск халық республикасы" ресейшіл сепаратистерінің әскери техникасы. Луганск аймағы, Украина, 14 сәуір 2016 жыл.

Өзін өзі жариялап алған "Луганск халық республикасы" ресейшіл сепаратистерінің әскери техникасы. Луганск аймағы, Украина, 14 сәуір 2016 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Украинаның шығысындағы жағдай айтарлықтай нашарлап отырғанын хабарлады. Атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, Донбастағы жағдай бірнеше айдан бері шиеленісті күйде қалып отыр. Өткен бейсенбіде ЕҚЫҰ бақылаушылары бітім туралы келісім 4 мыңнан астам рет бұзылғанын тіркеді деп хабарлады жұма күні Киевте ЕҚЫҰ-ның Украинадағы арнайы мониторингтік миссиясы жетекшісі Ертугрул Апакан. Ол ұстамдылыққа шақырған үндеуді екі тарап та елеусіз қалдырып отырғанына байланысты қынжылыс білдірген.

Донецкіде өткен брифингте ЕҚЫҰ миссиясы төрағасының орынбасары Александр Хуг сәуірдің 14 күнгі деректер бойынша тек бір ғана Авдеевка мен Ясинувата ауданында атысты тоқтату тәртібі 4 мыңнан астам рет бұзылғаны тіркелгенін мәлімдеген. Ол қарсылас тараптардың екі жағында да болып, бітім туралы келісімді ресейшіл сепаратистер де, украиналық әскерилер де бұзады деген қорытындыға келген.

XS
SM
MD
LG