Accessibility links

Жапонияда тағы бір зілзаладан 19 адам мерт болған


Машики қаласындағы зілзала салдары. Кумамото префектурасы, Жапония. 15 сәуір 2016 жыл.

Машики қаласындағы зілзала салдары. Кумамото префектурасы, Жапония. 15 сәуір 2016 жыл.

Өткен түні Жапонияның оңтүстік-шығысында екінші рет қайталанған жер сілкінісі салдарынан, алдын ала мәліметтер бойынша, кемінде 19 адам мерт болған. Зілзаладан зардап шеккендер саны 170 адамға жеткен. Құтқарушылар табиғи апат орнында іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бұл жолғы жер сілкінісі 7,3 магнитуданы құраған. Оның эпицентрі Кумамото префектурасы аумағында, жердің жиырма километр терең қабатында тіркелген. Табиғи апат салдарынан Кумамото қаласында бірнеше ғимарат қираған, Ятсуширо қаласында өрт шыққан.

Бұдан екі күні бұрын Жапонияның оңтүстігінде 6 магнитудалы жер сілкінісінен 9 адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шеккені туралы ақпарат тараған еді.

Жергілікті билік зілзаладан атом электр станцияларына қауіп төнген жоқ деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG