Accessibility links

БАҚ: Каспий жағасынан ондаған итбалық өлексесі табылған


Каспий теңізі жағасында жатқан өлі итбалықтар. Сәуір, 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Каспий теңізі жағасында жатқан өлі итбалықтар. Сәуір, 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Атырау облысында «Прорва» кеніші маңындағы кеме жүзетін теңіз арнасы құрылысы жүріп жатқан аймақтан ондаған итбалық өлекселері табылған деп хабарлайды қазақстандық ақпарат құралдары.

Ақпарат агенттіктерінің орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы жетекшісі Мұрат Ермекқалиевке сілтеме жасап хабарлауынша, өлген итбалықтар туралы ақпарат ветеринарлық инспекцияға Жылыой ауданында көмірсутегі шикізаты кенішіне жақын жерде теңіз арнасы құрылысын салып жатқан компания қызметкерлерінен түскен.

Итбалықтар қырылған болуы мүмкін делінген ауданға құрамында Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы, аймақтық экология департаменті және Қазақстан балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Атыраудағы филиалы өкілдері бар арнайы топ жіберілген.

Каспийді мекендейтін жабайы жануарлардың жаппай қырылуы алғаш рет болып отырған жоқ. 2013 жылы Азаттық оқырманы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино кенті маңында Каспий теңізі жағасына шығып қалған бірнеше өлі итбалық туралы хабарлаған. 2012 жылы теңіз жағасынан 35 итбалық өлексесі табылған.

XS
SM
MD
LG