Accessibility links

СІМ: Жапониядағы табиғи апаттан қазақстандықтар зардап шекпеген


Құтқарушылар жер сілкінісінен зардап шеккен адамды зембілге салып әкеле жатыр. Машики қаласы, Жапония. 15 сәуір 2016 жыл.
Құтқарушылар жер сілкінісінен зардап шеккен адамды зембілге салып әкеле жатыр. Машики қаласы, Жапония. 15 сәуір 2016 жыл.

Жапонияда екі жер сілкінісінен сол елдегі қазақстандықтардың зардап шеккені жайлы ақпарат кездескен жоқ. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралындағы Кумамото қаласында осы аптада екі мәрте қайталанған күшті жер сілкінісінен, соңғы мәліметтер бойынша, кемінде 29 адам мерт болып, жүздеген адам зардап шеккен.

Жапония билік орындары 16 сәуірде осыдан екі күн бұрынғы аса күшті жер сілкінісінен кейінгі 7,1 магнитудалы жер асты дүмпулері салдарынан цунами болуы мүмкін екенін ескерткен. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Кумамото қаласына жақын жерде болған.

Билік орындары зілзала құлатқан ғимараттар қирандылары астында адамдар қалып қойғаны туралы хабарлады. Табиғи апат болған жерде іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG