Accessibility links

БҰҰ ҚК зымыран сынамақ болған Пхеньянды айыптады


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын (ортада). Пхеньян, 1 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын (ортада). Пхеньян, 1 шілде 2014 жыл. (Көрнекі сурет.)

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяның жақында баллистикалық зымыран сынағын өткізбек болғанын айыптап, Пхеньянға қатысты қосымша санкциялар салынатынын айтып сес білдірді.

«Зымыран ұшыру сәтсіз аяқталғандығына қарамастан, [Пхеньян] бұл әрекетімен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарын көпе-көрнеу бұзып отыр» делінген ұйым таратқан мәлімдемеде.

Осының қарсаңында Пентагон өкілі Джефф Дэвис бұл жолы әдеттегіден мүлде басқа жерден ұшырылмақ болған зымыран көкке енді самғағалы тұрғанда жарылып кеткені туралы айтқан еді.

15 сәуір, Солтүстік Кореяның негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туған күні, әскерилер елдің шығыс жағалауынан ұшырмақшы болған орта қашықтыққа арналған «Мусудан» баллистикалық зымыраны сәтсіздікке тап болған еді.

Екі мың шақырымнан бес мың шақырымға дейінгі қашықтыққа ұша алатын «Мусудан» зымыраны үстіне бір жарым тоннаға дейін салмақ арта алады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға ядролық жарылыстар мен зымыран сынақтарын жүргізуге тыйым салған. Бірақ Пхеньян ол тыйымдарға мойынсұнбай келеді.

XS
SM
MD
LG