Accessibility links

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы шара өтті


«КазФем» феминистік тобы ұйымдастырған тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы шара. Алматы, 16 сәуір 2016 жыл.

«КазФем» феминистік тобы ұйымдастырған тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы шара. Алматы, 16 сәуір 2016 жыл.

Алматыда бүгін «КазФем» феминистік тобы белсенділерінің ұйымдастыруымен тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы шара өтті.

Қаладағы орталық көшелердің бірінде тұрған бет-жүзі «көк ала торғайдай» бойжеткен ары-бері өткен жүргіншілер назарын өзіне аударды. Ұйымдастырушылар бет-аузы гримнің көмегімен «көгертілген» қыз бейнесі өзге адамдарға қалай әсер ететінін бақылады. Қыздың қалайша мұндай күйге тап болғанын сұрап, оған көмегін ұсынған адамдарға оның жанында жүргендер: «Бұл отбасының шаруасы, сіз араласпаңыз» деп айтумен болды.

Бұдан соң әлгі қыздың алдына картон қораптардан тұрғызылған қабырғаға мынадай сөздер жазылған: «Шыда», «Шаңырағыңды шайқалтпа», «Ұрады, яғни сүйеді», «Өзің кінәлісің», «Некең қымбат», «Отбасы шаруасы». Бұл картон қораптар тұрмыстағы зорлық-зомбылық проблемасына деген немқұрайлықты білдіреді. Бас-аяғы 15 минутқа созылған перфоманс сол жерден өткен ондаған адамның назарына ілікті.

«КазФем» келтірген статистика бойынша, Қазақстанда жыл сайын тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қаза болатын қыздар мен әйелдер саны 500-ге дейін жетіп отыр.

XS
SM
MD
LG