Accessibility links

Германия: 1 миллиард еуро ұрлаған қылмыстық топ әшкереленді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Германияда науқастар мен мүгедектерге күтім жасап, амбулаториялық қызмет көрсету саласында сақтандыру және әлеуметтік төлемдер есебінен 1 миллиард еуродан астам қаржы заңсыз жолмен алынғаны әшкере болған. Бұл туралы қылмыстық істер жөніндегі федералдық мекеме (BKA) жүргізген тексеру қорытындысы жайлы құжаттарды қолға түсірген Die Welt басылымы мен Bayerische Rundfunk қоғамдық-құқықтық медиакомпаниясы хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, бұл қылмысқа Германияға постсоветтік елдерден қоныс аударған азаматтар күдікті саналып отыр.

Басылымдардың жазуынша, Германияда науқастарға күтім жасап, қызмет көрсететін саланы «орыс мафиясы» деп аталатын қылмыстық топ бақылауына алған. «Орыс-еуразиялық» ұйымдасқан қылмыстық топтар сақтандыру қаржысын жымқырудың көптеген әдіс-айласын меңгерген. Олардың арасында жиі қолданылатыны – қызмет көрсетілгені туралы жалған есеп құжаттарын толтыру және бұл іске өтірік ауырған сыңай танытқан пациенттерді де тарту қылмысы. Тұрақты күтімді қажет ететін науқастарға қатысты істерде қылмыстық топ көрсетілмеген қызмет түрлері үшін әр пациентке айына 15 мың еуроға дейін заңсыз табыс алып келгені анықталған.

Аталған қылмыстар бойынша 2015 жылы жарты жыл бойы тергеу жүргізген BKA өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай қылмыстар бүкіл Германия көлемінде жасалған, әйткенмен басқа аймақтармен салыстырғанда Берлин, Солтүстік Рейн - Вестфалия және төменгі Саксонияда көп тараған.

Германия сақтандыру компаниялары күтімді қажет ететін науқастарға төлеп келген әрбір бесінші еуроны «орыстілді» қылмыстық топтар заңсыз иеленіп алған болуы мүмкін деп жазады неміс басылымдары.

XS
SM
MD
LG