Accessibility links

Иран мұнай министрі Дохадағы кездесуге бармайды


Иран мұнай министрі Бижан Намдар Зангане. 28 қараша 2015 жыл.
Иран мұнай министрі Бижан Намдар Зангане. 28 қараша 2015 жыл.

Иран өз өкілі Катарда 17 сәуірде мұнай өндіретін елдер арасында өтетін кездесуге бармайтынын мәлімдеді. ОПЕК ұйымына мүше Тегеран мұнай өндірісі көлемін биыл қаңтардағы көрсеткіш деңгейінде ұстап тұру туралы ұсыныспен келіспейді. Иран күнделікті өндіретін мұнай көлемін тағы бір миллион баррельге арттырғысы келеді.

Мұнай өндіруші елдердің қатысуымен кездесу өткізу туралы бастама көтерген Катар мұнай бағасының құлдырауын тоқтату үшін өндіріс көлемін шектеуді қолдайды. Алдын ала келісімдер бойынша, Ресей және ОПЕК ұйымына мүше елдер мұнай өндірісі көлемін 2016 жылғы қаңтардағы көрсеткіш деңгейінде ұстап тұруға уағдаласқан. Олар осылайша әлемдік базарда былтыр күрт түсіп кеткен мұнай бағасының құлдырауын тоқтатуды көздейді.

Тегеранның ядролық бағдарламасына байланысты салынған халықаралық санкциялар 2015 жылы Иран мен әлемдік державалар арасында келісімге қол жеткен соң биыл алынып тасталған.

XS
SM
MD
LG