Accessibility links

Эквадорда зілзала құрбандары саны 77 адамға жеткен


Эквадордағы жер сілкінісі салдары. 16 сәуір 2016 жыл.

Эквадордағы жер сілкінісі салдары. 16 сәуір 2016 жыл.

Эквадорда сенбіде болған күшті жер сілкінісінен опат болғандар саны 77 адамға жеткен, 600-ге жуық адам жараланған. Бұл туралы елдің вице-президенті Хорхе Глас хабарлаған. Бұған дейін ол зілзаладан 41 адам қаза тапқанын айтып, бірақ олардың қатары әлі де көбеюі мүмкін деген болатын.

Эквадор президенті Рафаэль Корреа елде төтенше жағдай жариялап, табиғи апат болған жердегі құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін Ватиканға сапарынан шұғыл елге оралды. Билік орындары бұл 1979 жылы болған зілзаладан кейінгі ең сұрапыл апат деп отыр. 1979 жылы күшті жер сілкінісі салдарынан 600-ден астам адам мерт болып, 20 мың адам зардап шеккен еді.

Эквадорда 16-сәуірде кешкісін 7,8 магнитудалы жер сілкінісі болған. Оның күштілігі соншалық, жер сілкінісі эпицентрінен 150 шақырымдай қашықтықтағы ел астанасы Кито қаласында электр байланысы ажырап, мобильдік байланыс үзіліп қалған. Елдегі үлкен қалалардың бірі Гуаякильде ғимараттар толық немесе ішінара бүлінген.

XS
SM
MD
LG