Accessibility links

Астанада циркте жануарлар ұстауға қарсы шара өтті


Белсенділер цирктегі жануарларды қорғауға арналған шарада тұр. Астана, 17 сәуір 2016 жыл.
Белсенділер цирктегі жануарларды қорғауға арналған шарада тұр. Астана, 17 сәуір 2016 жыл.

Астанада бүгін бір топ белсенді цирктегі жануарларды қорғауға арналған шара өткізді. «Мега Астана» сауда және ойын-сауық кешені алдына жиналған белсенділер қолдарына торда отырған маймыл, арыстан, піл тәрізді жануарлар суреттері мен «Цирк - жануарлар тозағы» деген жазуы бар плакаттар ұстап шықты.

– Циркте жануарларды үйреткенде үнемі ұрып-соғып, аш ұстап, азапқа салатыны Еуропада, көптеген елдерде дәлелденген. Біздегі жағдай да оңып тұрған жоқ. Кейбір өркениетті елдердегідей бізде де циркте жануарларды ұстауға заң жүзінде тыйым салынғанын қалаймыз, - деді өзін Астана тұрғынымын деп таныстырған Илья Науменко.

Бас-аяғы бір сағатқа жетер-жетпес уақытқа созылған акция барысында белсенділер өткен-кеткен адамдарға жануарларды циркте ұстауға наразылық жазылған парақшалар таратты.

Бүгінгі шара 17 сәуірде халықаралық деңгейде атап өтілген «Зорлық-зомбылықсыз цирк» акциясы аясында ұйымдастырылған. Әлеуметтік желіде «Астана жануарсыз цирк үшін» (Астана за цирк без животных) қауымдастығын ашқан белсенділер қаладағы цирк ғимараты алдында акция өткізуге өтініш бергенімен Астана әкімдігі рұқсат бермей қойған.

XS
SM
MD
LG