Accessibility links

Алматыдағы "Алтын Орда" базарында өрт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы қаласының іргесіндегі «Алтын Орда» базарында жексенбі күні өрт болған. Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт базар аумағында орналасқан екі асханадан шыққан.

«БН Алтын-Орда ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі территориясында өрт болып жатқаны туралы хабар 17 сәуірде сағат 13:28 кезінде түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өртке қарсы күрес қызметкерлері бір жерде орналасқан аумағы 396 шаршы метр екі асхана өртеніп жатқанын көрген» деп хабарлайды төтенше қызмет.

38 адам мен тоғыз техниканың күшімен өрт сағат 14:21 шамасында толық өшірілген.

XS
SM
MD
LG