Accessibility links

Дохада мұнай өндірісін азайту келісімі жасалмады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Катарда 17 сәуірде мұнай экспорттаушы елдердің кездесуінде мұнай бағасын тұрақтандыру үшін өндіріс көлемін азайту туралы келісім жасасу мүмкін болмады. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, мұнай экспорттаушы елдердің өндіріс көлемін азайтуға келісе алмауы болашақта дағдарысты жағдайдан шығу үшін "үйлесе әрекет етудің" мүмкіндіктеріне нұқсан келтіреді.

Дохада ұсынылған мұнай өндірісі көлемін азайту туралы келісім жобасында келісім оған тек келіссөзге қатысушылардың барлығы бірдей қол қойғанда қол қойылады деген шарт болды. Дохадағы конференцияға мұнай өндіруші 16 ел мен Ресей сияқты ОПЕК-ке мүше елдердің өкілдері де болды.

XS
SM
MD
LG