Accessibility links

Эквадор: Зілзала құрбандары саны артты


Эквадордағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс. 17 сәуір 2016 жыл.
Эквадордағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс. 17 сәуір 2016 жыл.

Эквадор үкіметі 16 сәуірде болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 246 адамға жетіп, зардап шеккендер саны 1 мың адамнан асқанын хабарлады. Қуаты 7,8 магнитуданы құрайтын жер сілкінісі 16 сәуір - сенбі күні кешке жақын болған.

Ел билігі зілзаладан қираған ғимараттар астында көптеген адам қалып қоюы мүмкін болғандықтан құрбандар саны тағы да арта түсуі мүмкін деп қауіптенеді.

Зілзала ошағы жағалаудағы Муисне қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 километр қашықтықта болған. Жер сілкінісінің дүмпуі 150 километр қашықтықтағы ел астанасы Киото қаласында да қатты сезілген. Киотода адамдар теңселіп кеткен ғимараттардан сыртқа қашып шыққан. Жер дүмпуінен электр байланысы ажырап, мобиьлдік байланыстың кейбір қызмет түрлері істемей қалған.

Елдің ең ірі қаласы Гуаякильде зілзаладан шайқалған немесе жарым жартылай қираған ғимараттардың заттары көшеге шашылып қалған.

Эквадор үкіметі мұндай қуатты жерасты дүмпуі соңғы рет 1979 жылы болғанын айтады. Ол кездегі зілзаладан 600 адам қаза тауып, 20 мың адам жараланған.

XS
SM
MD
LG