Accessibility links

АҚШ әскерилері Жапонияға зілзала салдарымен күреске бармақ


Жапонияның Масики қаласында тұрғындар жер сілкінісінен қираған ғимарат жанында тұр. 15 сәуір 2016 жыл.
Жапонияның Масики қаласында тұрғындар жер сілкінісінен қираған ғимарат жанында тұр. 15 сәуір 2016 жыл.

АҚШ әскерилері Жапонияда 14-16 сәуірде болған жер сілкіністерінің салдарын жоюға көмектесуге дайындалып жатыр. Жапония билігі елдің оңтүстік-шығысындағы Кюсю аралында үш күн қатарынан болған жер сілкінісінен зардап шегіп, баспанасыз қалған мыңдаған адамға азық-түлік жеткізіп, жағдайын жасауға тырысуда. 18 сәуірдегі ресми есеп бойынша, табиғи апаттан қаза тапқандар саны 42 адамға жеткен, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Синоптиктер алда аралда нөсер жауын басталып, құтқару жұмыстарын одан ары қиындатуы мүмкін деген қауіп тудырып отыр.

Аймақта зілзаладан кейінгі бірнеше жерасты дүмпулерінен 250 мыңға тарта адам үйлерін тастап қашқан. Тұрғындар бірнеше рет қайталанған афтершоктар күшті зілзаладан шайқалған ғимараттарды қиратуы мүмкін деп қауіптенген.

XS
SM
MD
LG