Accessibility links

Брюссельде терроризмге қарсы марш өтті


Брюссельдегі терроризмге қарсы маршқа қатысушылар. Бельгия, 17 сәуір 2016 жыл.

Брюссельдегі терроризмге қарсы маршқа қатысушылар. Бельгия, 17 сәуір 2016 жыл.

Брюссельде жексенбіде мыңдаған адам "Террор мен өшпенділікке қарсы маршқа" шықты. Акция Брюссельде 32 адам қаза тауып, үш жүзге тарта адам жараланған әуежай мен метрода болған жарылыстардан бір айға жуық уақыттан соң өтіп отыр.

Демонстранттардың бір бөлігі маршты полиция бірнеше арнайы операция жүргізіп, терроризмге қатысты күдіктілерді ұстаған Моленбек ауданынан бастады. Марш аяқталатын кезде Брюссельдегі терактілерден зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары сөйледі. Шеруге қатысушылар бельгиялықтарды бірлікке және "еврейлер", "босқындар" және "мұсылмандар" деп бөлінбеуге шақырды.

Марш әуелі 27 наурызға жоспарланған еді. Бірақ елде төтенше жағдай енгізіліп, жаңа террорлық шабуыл қаупі күшейген соң кейінге қалдырылған.

XS
SM
MD
LG