Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстанда соғыстан жараланған тұрғындар саны артты


Ауғанстандағы әскери қызметкер мен бейбіт тұрғындар (Көрнекі сурет).
Ауғанстандағы әскери қызметкер мен бейбіт тұрғындар (Көрнекі сурет).

БҰҰ биылғы жылдың алғашқы үш айында Ауғанстандағы соғыста 600 бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлады. Бұл сан өткен жылдың алғашқы тоқсанындағы көрсеткіштен 13 пайызға төмен.

БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының дерегінше, биыл алғашқы үш айда жараланғандар саны өткен жылдың үш айымен салыстырғанда 11 пайызға артып, 1 мың 343 адамды құраған. Ұйым миссиясы халық қоныстанған аймақтарда ұрыс қимылдарының күшейюінен құрбан болған балалар 29 пайызға, әйелдер арасындағы құрбандық 5 пайызға артқанын айтады.

600 бейбіт тұрғынның 60 пайызы үкіметке қарсы күштердің әскери іс-қимылынан мерт болғанымен, ауған қауіпсіздік күштерінің миномет пен гранатомет сияқты қаруларды қолдануынан құрбан болған бейбіт тұрғындары саны артқан.

XS
SM
MD
LG