Accessibility links

Министр: Ауыл мектебінің 40 пайызында спортзал жоқ


Арыстанбек Мұхамедиұлы, спорт және туризм министрі. Астана, 18 сәуір 2016 жыл.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, спорт және туризм министрі. Астана, 18 сәуір 2016 жыл.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін парламенттегі үкімет сағатында Қазақстандағы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша баяндама жасады.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда тұрғындардың спорт залдарға деген қажеттілігі 43 пайызды, тапшылық 56-60 пайызды, ал ауылдық жерлердегі спорт залдарының тапшылығы 80 пайызға жуықтайды. "Бұл ауылдық жердегі тұрғындардың тек 20-25 пайызы дене шынықтыру және спортпен айналысады деген сөз. Ауылдағы мектептердің 40 пайызында, қаладағы мектептердің 20 пайызында спорт залы жоқ" деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ол бұған қоса бюджеттен бұқаралық спортқа бөлінетін қаржы "қалдықты принцип" бойынша бөлінетінін, яғни кәсіби спорттан артылған қаржы ғана бөлінетінін айтты.

Мәдениет жіне спорт министрі қазақстандық балаларды Бразилиядағы футбол мектептерінде оқытудың тиімсіз болғанын да мәлімдеді. Оның сөзінше, болашақта қазақстандық жасөспірімдер Германия мен Нидерландыға оқып, жаттығуға жіберілуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG