Accessibility links

Астанада полицейлшер адвокатқа шағымын қайтарып алды


Адвокат Бауыржан Азановтың Астана сотында полицейлермен әңгімесі түсірілген видеодан скриншот.

Адвокат Бауыржан Азановтың Астана сотында полицейлермен әңгімесі түсірілген видеодан скриншот.

Астананың Алматы аудандық соты ішкі істер министрлігі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (МКҚБ) бес қызметкерінің адвокат Бауыржан Азановқа жазған шағымын қабылдамай тастады. Бұл туралы бүгін Азаттыққа судья Сәуле Қамытбекованың хатшысы хабарлады. Хатшының сөзінше, "шағым арыз берушінің өтініші бойынша қаралмаған".

Наурыз айында бес полицей сотқа адвокат Бауыржан Азановтан видеоролик ілген соң "моральдық шығын келтіргені үшін" 500 мың теңге көлемінде ақша өндіріп беруді сұрап шағымданған. Видеода полицейлердің адвокатты портфелінде не барын көрсетуден бас тартқаны үшін сот отырысына кіргізбей тұрғаны түсірілген. Кейін адвокат Facebook-тегі парақшасында өзіне қарсы сегіз полицей шағым жазғанын хабарлаған.

Полицейлер азаматтық кодекстің 143-бабына сілтеме жасап өздерінің "ар-намысы мен абыройына дақ түсіретін" мәліметті терістеуді талап еткен. Әр полицей өзі "тартқан шығынды" 70 мың теңгеге бағалаған.

"Аталған видео көпшілікке таралып, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметіне теріс қарайтын адамдардың әжуасы мен кемсітуіне себеп болды" делінген шағымда.

Бес полицейдің шағымын не үшін қайтарып алғаны және қалған үш полицейдің шағымы не болғаны белгісіз.

XS
SM
MD
LG