Accessibility links

Тасыған Есіл суы Петропавл түбіне жетті


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, 18 сәуірде Петропавл қаласының іргесіндегі Заречный ауылының бірнеше үйі мен ондаған саяжайын деңгейі күрт көтерілген Есіл өзенінің суы басып қалды. Ауыл дүкендеріне азық-түлік жеткізу қиынға соғып, төтенше жағдай министрлігінің құтқарушылары арнайы техникамен тасып жүр.

Облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ауылға баратын негізгі жолдың су астында қалғанын айтты. Дүйсенбі күні жалпы саны 150-ден астам саяжайды су алғаны хабарланды.

Бұған дейін сәуір айында күрт еріген қар суы Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша және Ақжар ауданындағы бірнеше ауылды басып қалған еді. Көршілес Ақмола және Қостанай облыстарында да су жайылып, бірнеше ауыл зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG