Accessibility links

Путин мен Обама Сирия және Украинадағы жағдайды талқылады


Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обама.

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обама.

Кремль Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы жағдайды талқылағанын және екі ел арасындағы үйлескен іс-қимылды арттыруға келіскенін хабарлады.

"Екі ел президенттері Сириядағы жағдайды егжей-тегжейлі талқылап, Ресей мен АҚШ бастамашы болған бітімнің нығаюына және гуманитарлық көмектің кедергісіз жеткізілуіне ықпал етуге ниетті екендерін растады" делінген Кремль таратқан мәлімдемеде.

Ресми ақпарат бойынша, Путин Обамамен әңгімеде Сириядағы қалыпты оппозициялық күштердің экстремистік "Ислам мемлекеті" мен "Әл-Қаидамен" байланысты "Нусра майданы" тобынан іргесін аулақ ұстауы қажет екенін және Түркиядан Сирияға жасақ пен қару-жарақ кіргізілуіне тоқтау салу қажетін айтқан.

Екі президент бұған қоса Украинадағы жағдайды да талқылаған. Путин Украинада жаңа үкімет жасақталған соң "Минск келісімін орындауға бағытталған нақты қадамдар жасалатынынан" үмітті екенін білдірген.

Ақ үй баспасөз хатшысы Джош Эрнест "Ресей өз міндеттерін орындауы тиіс. Осы арқылы Мәскеу Украинаның егемендігіне қол сұғу салдарынан тартқа оқшауланудан арыла бастайды" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG