Accessibility links

Калеева журналистер одағының уақытша төрағасы болды


Тамара Калеева, "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі, Қазақстан журналистер одағы төрағасының міндетін уақытша атқарушы.
Тамара Калеева, "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі, Қазақстан журналистер одағы төрағасының міндетін уақытша атқарушы.

"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калеева Қазақстан журналистер одағы төрағасының қызметін уақытша атқарушы болып сайланды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

ҚазТАГ ақпаратына қарағанда, Калеева 18 сәуірде журналистер одағы басқарма мүшелерінің видео конференция арқылы өткен жиынында ұйымның уақытша төрағасы болып сайланған. Видео конференцияда одақ төрағасы Сейітқазы Матаевтың Калееваны ұйым басшысы міндетін уақытша атқарушы етіп сайлау туралы ұсынысын басқарма мүшесі, журналист Ермұрат Бәпи оқып берген. Одақтың басқарма мүшелері ұсынысты бірауыздан қолдады.

Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. Оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің жетекшісі Әсет Матаев та үйқамақта. Олар мемлекеттен ақпараттық саясатқа бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша күдікті ретінде танылып, қамауда отыр. Матаевтар өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып, істі үкіметтік емес бірлестік пен ақпарат құралына қысым деп бағалайды. 12 сәуірде Алматының Медеу аудандық соты Сейітқазы Матаевтың үйқамақта отыру мерзімін 22 мамырға дейін ұзартқан.

XS
SM
MD
LG