Accessibility links

Эквадорда зілзала құрбандары саны 400-ден асты


Эквадорда жер сілкінісінен қираған ғимараттар. Педерналес қаласы, 17 сәуір 2016 жыл.
Эквадорда жер сілкінісінен қираған ғимараттар. Педерналес қаласы, 17 сәуір 2016 жыл.

Эквадорда 16 сәуірде болған қуаты 7,8 магнитудалық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 413 адамға жетіп, жараланғандар саны бірнеше мыңнан асты.

Ел билігі зілзаладан қираған ғимараттар астында көптеген адам қалып қоюы мүмкін болғандықтан құрбандар саны тағы да арта түсуі мүмкін деп қауіптенеді.

Эквадор президенті Рафаэль Корреа зілзаланы соңғы 67 жылда болған ең ірі табиғи апат деп атады. Жер сілкінген аймақты тікұшақпен шолып шыққан президент 18 сәуірде зардап шеккен Портовьехо және Манта қалаларын "түгелге жуық қираған" деп атады.

Эквадорға құтқару жұмыстарына көмекке Швейцария, Испания және Оңтүстік Америка елдерінен құтқарушылар барған.

Зілзала ошағы жағалаудағы Муисне қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 километр қашықтықта болған. Жер сілкінісінің дүмпуі 150 километр қашықтықтағы ел астанасы Киото қаласында да қатты сезілген. Киотода адамдар теңселіп кеткен ғимараттардан сыртқа қашып шыққан. Жер дүмпуінен электр байланысы ажырап, мобиьлдік байланыстың кейбір қызмет түрлері істемей қалған.

Елдің ең ірі қаласы Гуаякильде зілзаладан шайқалған немесе жарым жартылай қираған ғимараттардың заттары көшеге шашылып қалған.

XS
SM
MD
LG