Accessibility links

Қырғызстанда "терроризм" айыбымен сотталғандарды оқшауламақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев экстремизм мен терроризм айыбы бойынша сотталғандарды оқшаулап ұстау туралы заңды бекітті. Заң ресми баспасөзде жарияланған соң 10 күн ішінде күшіне енбек. Заңды дайындағандардың сөзінше, құжат Қырғызстан түрмелерінде жас тұтқындарды исламшыл экстремистер қатарына тартудың алдын алу үшін жасалған.

Қырғызстан билігінің мәліметінше, Ресми дерек бойынша, Сирия мен Иракта содырлар жағында 500-ге тарта қырғызстандық, оның ішінде 112 әйел соғысып жүр. Олардың 40 шақтысы соғыста мерт болған.

XS
SM
MD
LG