Accessibility links

Қырғыз фермерлері Алматы базарына кіруге елшіліктен көмек сұрады


Қырғызстанның Қазақстанмен кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Қазақстанмен кеден бекеті (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның ауыл шаруашылығы және мелиорация министрлігі Қазақстандағы қырғыз елшілігінен қырғыз фермерлерінің Алматыдағы "Алтын Орда" базарында көкөністерін сата алмай отырғанына байланысты көмектесуін сұрады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

Бұған дейін Азаттық Қырғызстанның Ыстықкөл облысы фермерлері өз өнімдерін сата алмай, Қазақстанмен шекарада екі аптаға жуық күтуге мәжбүр болғанын хабарлаған. "Алтын Орда" базарында өздерін "Назарбаевтың туыстарымыз" деп таныстырған адамдар қырғыз фермерлерінен базарға кіру үшін ақша талап еткен.

Фермерлер министрлікке биліктің Қырғызстан Еуразия экономикалық одағына кірген соң Қазақстан мен Ресей нарығы ашылады деген сөзін келтірген. Фермерлер керісінше базар иелері өздерін әрбір картоптың әрбір килограмы үшін ақша төлемесе базарға кіргізбей отырғанын айтып шағымданған.

XS
SM
MD
LG