Accessibility links

Азаттықтың Қырым редакциясы тілшісіне қарсы іс қозғалды


Қырым прокуроры Наталья Поклонская.
Қырым прокуроры Наталья Поклонская.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) Азаттықтың Қырым редакциясының журналисі үстінен Ресейдің территориялық тұтастығын бұзуға шақырды деген айыппен іс қозғады. Азаттықтың Орыс редакциясының хабарлауынша, бұл туралы Ресей аннексиялаған Қырым прокуроры Наталья Поклонская Поклонская хабарлаған. Ол журналистің аты-жөнін айтпаған.

Қырымдық журналист Олег Крючков іс журналист Николай Семенаның үстінен қозғалғанын айтады. Крючковтың Facebook-те хабарлауынша, 19 сәуірде Семенаның пәтерінде тінту болған. Семена украин белсенділерінің Қырымға баратын жолды жапқаны туралы мақала жариялаған.

Азаттық басшылығы бұл ақпаратты тексеріп жатыр және әзірге бұған қатысты түсінік бермейді. Қырымдық құқық қорғаушылар да оқиғаның мән-жайын анықтауға тырысып жатыр деп хабарлайды Азаттықтың Қырым редакциясы.

Николай Семена - бұған дейін бүкілукраиндық "День" және "Зеркало недели" басылымдарында қызмет еткен қырымдық журналист. Ол "Извести" газетінің бұрынғы тілшісі. Қазір ол зейнетке шыққан.

Бұған дейін Қырымда "Ресейдің территориялық тұтастығын бұзуға шақырды" деген айыппен Қырым татарлары меджлисінің төрағасы Рефат Чубаровқа қарсы іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG