Accessibility links

Германияда PEGIDA жетекшісі сотқа тартылды


PEGIDA қозғалысын құрушылардың бірі Лутц Бахманн сотта отыр. Дрезден, Германия, 19 сәуір 2016 жыл.

PEGIDA қозғалысын құрушылардың бірі Лутц Бахманн сотта отыр. Дрезден, Германия, 19 сәуір 2016 жыл.

Германияда мигранттарға қарсы PEGIDA әсіре оңшыл қозғалысын құрушылардың бірі Лутц Бахманн жаулық тудырды деген айыппен сотқа тартылып жатыр. Дрезденде өтіп жатқан сот сыртында оның жақтастары "Масқара! Бахманнды ақта!" деген жазуы бар баннер ұстап тұрды.

Бахманға әлеуметтік желіде мигранттарды "хайуанға" және "қоқысқа" теңеген жазбалар жазғаны үшін нәсілдік жаулық тудырды деп айыпталып отыр. Егер ол айыпты деп танылса, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

PEGIDA канцлер Ангела Меркельдің өткен жылы Германияға миллионнан астам мигрант пен босқынның келуіне мүмкіндік берген миграциялық саясатына қарсы.

2014 жылы құрылған қозғалыс Германияда көптеген қолдаушылар тауып, бірнеше елге тарап үлгерді. Әдетте PEGIDA шеру ұйымдастырса оған қарсылар да бір акцияға шығады.

XS
SM
MD
LG