Accessibility links

НАТО Мәскеумен Ресей ұшақтары маневрін талқылайды


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг солтүстік альянс пен Мәскеу 20 сәуірде Брюссельде ресейлік әскери ұшақтардың америкалық эсминец пен барлаушы ұшақтарына жақын түрлі маневр жасап, "қауіпті әрекет көрсеткенін" талқылайтынын мәлімдеді. Екі жақ өкілдері де соңғы екі жылда алғаш рет Ресей - НАТО кеңесінің ресми жиынында кездесуі тиіс.

Жиында өткен аптада ресейлік әскери ұшақтардың Балтық теңізінде америкалық "Дональд Кук" зымыран эсминеціне тым жақын қашықтықтан ұшқанын және халықаралық әуе кеңістігінде америкалық барлаушы ұшақтың жанынан түрлі маневр жасап ұшқан оқиғасы талқыланбақ.

"Ресейлік ұшақтардың кәсіби емес, қауіпті әрекеті ашық әскери байланыстың және қауіп-қатерді азайтудың маңызды екенін айғақтайды" деді Столтенберг.

Ресей - НАТО жиыны солтүстік альянс Ресей Украинадан Қырым түбегін заңсыз аннексиялап, Донбастағы сепаратистерге қолдау көрсеткен соң Мәскеумен барлық байланысын тоқтатқан 2014 жылдың маусымынан бері бірінші рет өтейін деп тұр.

19 сәуірде Еуропа Одағы елдерінің қорғаныс министрлерімен кзедескен Столтенберг екі тарап та Ауғанстан мен Украинадағы жағдайды талқылайтынын айтты. Бірақ ол кездесу "НАТО Мәскеумен қарым-қатынасын дұрыстады" дегенді білдірмейтінін айтты

"Бірақ біз саяси диалогтың ашық болуына мүмкіндік қалдыр қажет деп таптық және Ресей - НАТО кеңесі біздің Рсееймен саяси диалог орнатқанымызға бір дәлел бола алады" деді НАТО бас хатшысы.

XS
SM
MD
LG