Accessibility links

Кабулдегі шабуыл құрбандары 64 адамға жетті


Кабулдегі шабуылдан жараланған баланы әкетіп барады. Ауғанстан, 19 сәуір 2016 жыл.
Кабулдегі шабуылдан жараланған баланы әкетіп барады. Ауғанстан, 19 сәуір 2016 жыл.

Кабулде 19 сәуірде "Талибан" қозғалысы жасаған шабуылдан қаза тапқандар саны 64 адамға жетті.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Седик Седиккидің 20 сәуірде хабарлауынша, Кабул орталығында қауіпсіздік қызметі кеңсесіне жасалған шабуылдан 347 адам жараланған.

Қаза тапқандар мен жараланғандардың көбі - бейбіт тұрғындар.

"Талибан" содырларының шабуылы таңертеңгі қарбалас кезде жанкештінің бомба жасырылған көлікті жарып жіберуінен басталған. Бұдан соң қауіпсіздік қызметімен содырлар арасында атыс басталған.

Шабуылды "Талибан" қозғалысы мойнына алған. Өткен аптада қозғалыс "көктемгі шабуыл кезеңін" бастайтынын мәлімдеген.

Ауғанстан президенті әкімшілігі ауған қауіпсіздік күштерінің "терроризммен күресу ниетін әлсірете алмайтынын" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG