Accessibility links

Тәжікстанда имам мен 4 тұрғын экстремизм айыбымен сотталды


Тәжікстанның Соғды облысының соты (Көрнекі сурет).
Тәжікстанның Соғды облысының соты (Көрнекі сурет).

Тәжікстан билігі Соғды облысында бір имам мен төрт тұрғын исламның тыйым салынған бағытына қатысы бар деген айыппен сотталғанын хабарлады.

Бободжон Гафур аудандық сотының судьясы Боир Зоирзода Азаттықтың Тәжік редакциясына имам Хамид Каримов "діни жаулық тудырды" және "исламның тыйым салынған салафилік бағытының идеяларын насихаттады" деген айыппен сегіз жылға сотталғанын хабарлады.

Жергілікті өзге төрт тұрғын салафилік бағытты ұстанды деген айыппен әрқайсысы жеті жылға сотталған.

Тәжікстанда исламның салафилік бағыты 2009 жылы экстремизиді насихаттайды деп танылып, тыйым салынған.

Салафиттер сүнниттік исламның қатаң формасын ұстанады және исламның өзге бағыттарын мойындмайды.

Тәжікстанда халықтың көпшілігі сүнниттік исламның анағұрлым либералды саналатын ханафилік бағытын ұстанады.

XS
SM
MD
LG