Accessibility links

АҚШ Лейла Юнустың шетке жіберілгенін құптайды


Лейла Юнус, әзербайжандық құқық қорғаушы

Лейла Юнус, әзербайжандық құқық қорғаушы

"Рейтерс" агенттігінің хабарлауынша, АҚШ үкіметі Әзербайжан билігінің осы елдегі түрмеден босатылған құқық қорғаушы Лейла Юнус пен күйеуін шетелге емделуге жібергеніне разылық білдірді.

Әзербайжандық құқық қорғаушы Лейла Юнус пен оның күйеуі сейсенбі күні Нидерландқа келіп қонды. Ерлі-зайыптылар осы елде емделмекші әрі саяси баспана сұрамақ.

Бакудегі Бейбітшілік пен демократия институтының басшысы Лейла Юнусты 2014 жылғы шілде айында Әзербайжан билігі тұтқындап, "салықтан жалтарды" деген айыппен сегіз жарым жылға, ал күйеуі Ариф Юнусты жеті жылға соттап жіберген. Кейін екеуі денсаулық жағдайына байланысты босатылған.

Жергілікті тәуелсіз БАҚ-тың жазуынша, құқық қорғаушы елдегі президент сайлауының нәтижелерін сынаған және адам құқықтарын бұзу фактілерін тіркеп отырған. Оның күйеуі Таулы Қарабақ жанжалы бойынша маман ретінде екі елді бітімге шақырып келген.

АҚШ үкіметі Бакудің ерлі-зайыпты Юнустарды босатуын "оң қадам" деп сипаттады. Вашингтон Әзербайжандағы өзге да саяси тұтқындар босатылады деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG