Accessibility links

ЕО: 2015 жылы 330 мың адамға босқын мәртебесі берілді


Мюнхенде неміс полицей сириялық босқын баламен сөйлесіп, басына өзінің бас киімін кигізіп тұр. Германия, қыркүйек 2015 жыл.
Мюнхенде неміс полицей сириялық босқын баламен сөйлесіп, басына өзінің бас киімін кигізіп тұр. Германия, қыркүйек 2015 жыл.

Еуропа Одағының (ЕО) статистика агенттігі ЕО елдері 2015 жылы Еуропаға келген бір миллионнан астам мигранттың 330 мыңнан астамына босқын мәртебесін беріп, елде тұруға рұқсат еткенін хабарлады.

Статистика агенттігінің мәліметінше, 333 мың 350 адамға халықаралық қорғау құқығы берілген. Бұл сан - 2014 жлғы көрсеткіштен 72 пайызға көп.

Босқын мәртебесін алғандардың 166 мың 100-і - сириялықтар, 27 мың 600-і - Эритреядан шыққандар және 23 мың 700 адам Ирактан барғандар.

Ең көп босқын мәртебесін ел - Германия атанған. Одан кейінгі орындарда Швеция (34 мың 470 адам), Италия 29 мың 630), Франция (26 мың 15), Ұлыбритания 17 мың 920), Австрия (17 750) және Нидерланд 17 мың 45) тұр.

Жүзден кем адамға босқын мәртебесін берген ЕО елдері арасында Хорватия, Эстония, Латвия, Литва, Словения және Словакия бар.

Статистика агенттігі босқын мәртебесі берілген адамдардың қаншасы өтінішті 2015 жылға дейін бергенін және өткен жылы берілген өтініштің қаншасы қабылданбағаны туралы мәлімет бермеді.

XS
SM
MD
LG