Accessibility links

Мәскеу: Киев Савченконы қайтару туралы өтініш жасады


Надежда Савченко.

Надежда Савченко.

Ресей әділет министрлігі Украина украиналық ұшқыш Надежда Савченконы қайтару туралы мәселені қарау үшін қажетті құжаттарды сұратқанын мәлімдеді.

Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, министрлік Украина әділет министрлігі ресейлік ведомствоға Савченконы жазасын Украинада өтеуі үшін қажетті құжаттарды сұратқан.

РИА "Новости" агенттігі Ресей әділет министрлігі Савченконы қайтару туралы мәселені сот қарайтынын мәлімдеген деп хабарлады.

Надежда Савченконы 22 наурызда Ростов облысының Донецк қалалық соты 2014 жылы жазда Луганск түбінде екі ресейлік журналистің қаза табуына қатысы бар деп айыптап, 22 жылға соттаған. 5 сәуірде Савченкоға шыққан үкім күшіне енген. Савченко өзін 2014 жылы маусымда Украина шығысында ресейшіл сепаратистер ұстап әкетіп, заңсыз Ресейге беріп жібергенін айтады.

Украина президенті Петр Порошенко 19 сәуірде Киев пен Мәскеу Савченконы босату мүмкіндіктерін қарастырғанын мәлімдеген.

Савченко 2014 жылы қазанда Украина парламентіне сырттай сайланып, Украинада халық батыры атағы берілген.

XS
SM
MD
LG