Accessibility links

Астанада кезекті Еуразия медиа форумы өтіп жатыр


12-Еуразиялық медиа форумда сөз сөйлеп тұрған Дариға Назарбаева. Астана, 24 сәуір 2014 жыл.

12-Еуразиялық медиа форумда сөз сөйлеп тұрған Дариға Назарбаева. Астана, 24 сәуір 2014 жыл.

20-22 сәуір аралығында Астанада өтіп жатқан XIII Еуразиялық медиафорумның бүгінгі шарасына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев келмеді. Жиынды жүргізуші, АҚШ-тағы «Riz Khan Productions» компаниясының жетекшесі Риз Хан «президент Нұрсұлтан Назарбаев жиынға келе алмаса да ол біздің жанымызда» деді. Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева әкесі Н.Назарбаевтың форум қонақтарына жазған хатын оқып беріп, жұмысқа сәттілік тіледі.

Бүгінгі форумда «Әлемдік экономиканың осы шағы мен келешегі. Жетекшілік кімде?Әлемдік дағдарыс. Мұнайсыз әлем-соғыссыз әлем?» тақырыптары талқыланбақ. Шетелден келген делегаттар арасында Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзай, Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро бар.

Еуразиялық медиа форум Астанада осымен төртінші мәрте өтіп жатыр. Оның алдындағы форумдар Алматы қаласында өткен болатын.

Еуразия медиа форумы Қазақстанда 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Форумды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландырады.

XS
SM
MD
LG