Accessibility links

Fitch: Қазақстан экономикасында биыл өсім баяулайды


Fitch Ratings агенттігінің Нью-Йорктегі кеңсесі.
Fitch Ratings агенттігінің Нью-Йорктегі кеңсесі.

Халықаралық Fitch Ratings агенттігі 2016 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнім көлемі 1 пайызға азаяды деп болжайды. Агенттік бұл болжамын бүгін Алматыда өткен конференцияда жариялады. Агенттік сарапшыларының болжамынша, Қазақстандағы инфляция биыл 16 пайызды құрайды.

Наурызда өзге рейтинг агенттігі - Standard & Poor's 2016 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнім көлемінің өсімі нөл пайыз немесе одан сәл төмен болатынын болжаған. Агенттік сарапшылары Қазақстан экономикасының дамуына қатысты ұзақ мерзімдік болжам мұнай бағасының динамикасына, Қашаған жобасының іске асырылуына және таяуда жарияланған құрылымдық реформалардың жүргізілуіне байланысты болатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG