Accessibility links

ЕҚЫҰ: Донбаста ауыр қару-жарақ тағы қолданылды


ЕҚЫҰ-ның Донбас жөніндегі арнайы өкілі Мартин Сейдик.

ЕҚЫҰ-ның Донбас жөніндегі арнайы өкілі Мартин Сейдик.

Донбаста қақтығыс аймағында бір тәулікте атыстыт оқтату туралы бітім бес мыңға жуық рет бұзылды деп хабарлады Минскіде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы өкілі Мартин Сайдик.

"Бір тәулікте бітім 4 мың 700 рет бұзылды. Бұл - өте қорқынышты" деді Сайдик Донбастағы қақтығысты реттеу жөніндегі Украина, Ресей және ЕҚЫҰ өкілдерінен құралған үш жақты байланыс тобының келіссөзінде.

Сайдиктің сөзінше, бітімді екі жақ та бұзып отыр. Атыс кезінде ауыр қару-жарақ тағы да қолданылып отыр. Ауыр қару-жарақ бұған дейін Минск келісімі бойынша майдан шебінен әкетіліп, кейін қайта әкелінген.

Донбастағы атыстың жалғасуы аймақты минадан тазарту және қираған инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына кедергі келтіріп отыр.

ЕҚЫҰ өкілдері барлық тарапты атыс пен қақтығысты дереу тоқтатуды талап етеді.

Үш жақты байланыс тобы бір жылдан астам уақыттан бері Минскіде тұрақты түрде кездесіп, Батыс елдері мен қақтығысушы тараптарға Минск келісімін іске асырудың оңтайлы жолдарын даярлауға тырысып келеді.

XS
SM
MD
LG