Accessibility links

Мексикада зауытта жарылыстан үш адам қаза тапты


PEMEX компаниясының штаб-пәтерінде болған жарылыстан кейінгі көрініс, 2013 жыл (Көрнекі сурет).

PEMEX компаниясының штаб-пәтерінде болған жарылыстан кейінгі көрініс, 2013 жыл (Көрнекі сурет).

Мексикада мұнай өңдеу зауытында болған күшті жарылыстан үш адам қаза тауып, 130-дан астам адам жараланды. Жарылыс 20 сәуір күні Мексиканың оңтүстік-шығысындағы портты Коацакоалькос қаласында PEMEX мемлекеттік мұнай компаниясының мұнай өңдеу зауытында болған.

Веракурс штаты билігінің өкілдері 88 адам жараланғанын, олардың 13-і ауыр халде жатқанын айтады. Жүздеген адам жарылыс ауданынан эвакуацияланып, жергілікті мектептерде сабақ тоқтаған.

PEMEX компаниясы өрт таралуының алды алынғанымен, қала тұрғындарына жарылыстан соң пайда болған түтіннің аса зиян болуы мүмкін деген қауіппен үйлерінен шықпауға кеңес берілгенін айтты.

Кейбір деректер бойынша, зауытта құбыр мен орама жасауда пайдаланылатын қауіпті винилхлорид жасалып келген.

XS
SM
MD
LG