Accessibility links

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 90 жасқа толды


Ұлыбритания почта қызметінің патшайым Елизавета ІІ-патшайымның 90 жасқа толу құрметіне шығарған почта маркалары.
Ұлыбритания почта қызметінің патшайым Елизавета ІІ-патшайымның 90 жасқа толу құрметіне шығарған почта маркалары.

Бүгін Ұлыбритания патшайымы Елизавета II 90 жасқа толды. Оның патшайым тағында отырғанына 64 жыл болды. Елизавета II - Ұлыбритания тарихында таққа ең ұзақ уақыт отырған монарх ретінде тарихқа енген. Елизавета II Ұлыбритания мен Британ ұлттар достастығының басшысы міндетін атқарады.

Туған күні - 21 сәуірде Елизавета II Виндзор қамалында отбасы мен жақын достарының ортасында атап өтеді. 12-15 мамыр аралығында Виндзор паркіндегі 25 мың адам сиятын үлкен аренада мыңнан астам музыкант, әнші, биші мен басқа да әртістер қатысатын мерекелік қойылым болады. Патшайымның ат шабыс пен жылқыны ұнататының құрметіне тоғыз жүз салт атты өнер көрсетеді.

18-ғасырдан келе жатқан дәстүр бойынша, британ монархтарының туған күніне арналған ресми салтанатты шара маусымның екінші немесе үшінші сенбісінде өткізіледі. Бұл кезде ауа-райы ашық аспан астында мерекелік шаралар, оның ішінде король гвардиясының шеруін өткізуге қолайлы болады. Биыл ресми мереке үш күнге созылып, 10-12 маусымда өткізіледі.

XS
SM
MD
LG