Accessibility links

Ресей әскерилері Пальмираны минадан тазартып жатыр


Ресейлік әскерилер Пальмираның тарихи бөлігін минадан тазарту жұмысын атқарып жүр. Сирия, 11 сәуір 2016 жыл.
Ресейлік әскерилер Пальмираның тарихи бөлігін минадан тазарту жұмысын атқарып жүр. Сирия, 11 сәуір 2016 жыл.

Ресей әскерилері Сирияның ежелгі Пальмира қаласының тарихи ескерткіштер орналасқан аймағын минадан тазартып біткенін хабарлады. Бір жылға жуық уақыт "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының бақылауында тұрған қаланы наурызда Сирия үкімет әскері Ресей авиациясының қолдауымен қайтарып алған.

"Бүгінге дейін Пальмираның сәулет және тарихи нысандар орналасқан жағын минадан толық тазарттық" деді Ресей әскери инженерлерінің бастығы Юрий Ставицкий Пальмирадан видео конференция арқылы Ресей президенті Владимир Путинге.

Ол Ресей әскерилері Пальмираның тұрғындар тұратын аудандарын минадан тазарту жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты.

ИМ содырлары Пальмираны басып алған соң қаланың ең әйгілі ескерткіштерін жарып, қиратып, тарихи ескерткіштерді қорғаумен айналысқан белгілі археолог ғалымды дарға асқан.

XS
SM
MD
LG