Accessibility links

Ереванда Лавровтың сапарына қарсылық танытты


Белсенділер Рсеей елшілігі алдында полициямен жанжалдасып тұр. Ереван, 21 сәуір 2016 жыл.

Белсенділер Рсеей елшілігі алдында полициямен жанжалдасып тұр. Ереван, 21 сәуір 2016 жыл.

Армения астанасы Ереванда белсенділер Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сапарына қарсылық танытты. Акцияға қатысқандар 21 сәуірде Ереванның Азаттық алаңынан Ресей елшілігіне дейін жүріп, ол жерде полициямен жанжалдасып қалды.

Белсенділер Лавров Таулы Қарабақ жанжалын бейбіт реттеудің "армяндарға қарсы" жоспарын әкелді деп мәлімдеді. Олар бұған қоса Әзербайжанға Ресей қару-жарағын сатуды тоқтатуды талап етті.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 21 сәуірде Ереванға екі жақты қарым-қатынасты талқылау үшін және Таулы Қарабақтағы жанжалды реттеуге барған.

Лавов бүгін Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандянмен кездеседі.

XS
SM
MD
LG