Accessibility links

Бельгияда Салах Абдесламға айып тағылды


Париждегі терактілерге күдікті Салах Абдеслам.

Париждегі терактілерге күдікті Салах Абдеслам.

Париждегі терактілерге күдікті Салах Абдесламға өткен айда Брюссельде полициямен атыста "кісі өлтіруге оқталды" деген айып тағылды. Абдеслам 21 сәуірде Бельгияда ресми айып тағу үшін сотқа әкелінді.

15 наурызда Брюссельде төрт полицей мен бос тұр деп ойлаған пәтерге барғанында оларға оқ атылып, жеңіл жараланған. Полиция өздеріне оқ атқан бір Алжир азаматын атып өлтірген. Оқиға орнында Абдесламның саусақ таңбасы іздері табылған.

Үш күн өткен соң Абдеслам Брюссельдің басқа бір ауданында ұсталған.

Салах Абдеслам 2015 жылы 13 қарашада Парижде 130 адам қаза тапқан терактілерге басты күдікті саналады.

Бельгия полициясы да оның Брюссельде 22 наурызда әуежай мен метрода жарылыс жасағандармен байланысы барын тергеп жатыр. Брюссельдегі жарылыстардан 32 адам қаза тапқан.

Абдеслам алдағы апталарда Францияға экстрадицияланбақ.

XS
SM
MD
LG