Accessibility links

Нетаньяху Путинмен Сирияда үйлесе қимылдауды талқылады


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отыр. Мәскеу, 21 сәуір 2016 жыл.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху (сол жақта) Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп отыр. Мәскеу, 21 сәуір 2016 жыл.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі ел әскерилерінің Сириядағы іс-қимылын үйлестіру жайын талқылады.

Нетаньяху кездесуде Путинге Сириядағы заманауи қару-жарақ Сирия үкіметінің жақын одақтасы "Хезболла" ұйымының қолына түсіп кете ме деген қаупін білдірді. Нетаньяху бұған қоса Израиль егер "Хезболла" Сирияға Ресей жеткізген заманауи қару-жараққа ие болса онда Голан жоталарында екінші бір "террор майданы" ашылмай ма деп қауіптенетінін жеткізді.

Израиль Голан жотасын 1967 жылы Таяу Шығыс соғысында Сириядан тартып алып, 1981 жылы аннексиялаған. Кездесу басында Нетаньяху Голанның "қызыл сызық" екенін және оның Израиль құрамында қалуы тиіс екенін айтты.

Израиль премьері Ресей Сирияда әуе шабуылын жүргізіп жатқандықтан "қателіктер мен түсініспеушіліктер және төтенше оқиғалардың алдын алу" үшін екі ел әскерилері арасында координация болуы қажетін білдірді.

Израиль Сириядағы қақтығысқа араласпағанымен Нетаньяху өз елі СИриямен шекара аймағында "Хезболланың" қару-жарақ иеленуін болдырмау шараларын жасайынын ескертті.

XS
SM
MD
LG