Accessibility links

WADA Пекин допинг зертханасының жұмысын тоқтатты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Пекин ұлттық допингке қарсы зертханасының қызметін халықаралық талаптарға сай келмейді деп тоқтатты. Өткен аптада WADA осындай себеппен Мәскеудегі допингке қарсы зертхана жұмысын тоқтатқан.

WADA Пекиндегі зертхананың спортшылардың қаны мен зәрін тексеруге қатысты кез-келген қызметті жүргізуіне төрт айға тыйым салды.

Пекин зертханасы енді төрт апта ішінде агенттіктің бл шешіміне Спорт арбитраждық сотына шағымдана алады. WADA мәлімдемесі бойынша, бұл зертхана төрт ай аяқталғанға дейін тәртіптік комитет жасаған кемшіліктерді түзетіп, ескертулерді орындаса аккредитацияны қалпына келтіру туралы өтініш бере алады.

XS
SM
MD
LG