Accessibility links

Обама британдықтарды ЕО құрамында қалуға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама. Эр-Рияд, 21 сәуір 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Эр-Рияд, 21 сәуір 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама ұлыбританиялықтарды Еуропа Одағы мықты болып қалуы және әлемдік мәселелерге араласа алуы үшін одақ құрамында қалуға шақырып, үндеу жасады.

Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығу ықтималдылығы Батыс елдерін әлсіретуі мүмкін екеніне алаңдаған Обама Лондонда Ұлыбритания одақ құрамында қалса терроризм, миграция, экономикалық дағдарыс сияқты мәселелермен анағұрлым тиімді түрде күресіп, реттей алатынын жеткізді.

"ЕО Ұлыбританияның ықпалын әлсіретпейді, керісінше күшейтеді" деді Обама Daily Telegraph басылымына.

"АҚШ сіздердің Еуропадағы зор дауыстарыңыз ЕО-ның әлемдегі ықпалының артуына, ЕО-ны ашық саясат ұстанып, Атлантиканың басқа жағындағы одақтастарымен тығыз байланыс орнатуына қалай кепілдік беретінін көріп отыр" деді Барак Обама.

АҚШ президенті 22 сәуірде Виндзор қамалында Ұлыбритания патшайымы, 90 жасқа толған Елизавета ІІ-мен және оның күйеуі ханзада Филиппен түстік ас ішеді. Бұдан соң ол Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен келіссөз өткізеді.

XS
SM
MD
LG