Accessibility links

Атамбаев "Түкірме!" акциясын қолдап қаржы бөлді


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев президенттік әлеуметтік қорғау және қолдау көрсету қорынан "Түкірме!" акциясына қаржылай көмек ретінде 50 мың сом (700 доллардан астам) бөлді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ресми ақпаратта Атамбаев мұндай азаматтық бастама қырғызстандықтардың өзін-өзі түсінуінің сапалық тұрғыдан арта бастағанын көрсетеді деп санайтыны айтылған. Атамбаев мұндай бастамалар өз еліне, қаласына немесе ауылына деген махаббаттың қоғамды анағұрлым алға жылжытатын күшке айналатынын көрсететінін айтқан.

"Түкірме!" акциясын Бішкек тұрғыны Құштар Мамыталиев бастаған. Ол наурыз айының соңынан бері тұрғындарды көшеде, мекемелер мен аялдамаларда түкірмеуге шақыратын жапсырма жабыстырып жүр. Мамыталиев жергілікті баспасөзге бір данасы бес сом тұратын жапсырмаларды өз қалтасынан қаржы шығарып дайындайтынын айтқан. Мамыталиев өз бастамасын елге келген шетелдіктер алдында көше мен жаяу жүргіншілер жолындағы түкіріктер үшін ұялатындықтан жасап жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG