Accessibility links

Бүгін Париж климат келісіміне қол қойылады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтеріне бүгін 150-ден астам мемлекет өкілдері Парижде қабылданған ғалымдық климаттың өзгеруімен күрес конвенциясына қол қоюға жиналып жатыр.

Франция президенті Франсуа Олланд басқа да әлем елдерінің басшылары БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунмен бірге қол қою салтанатына қатысады.

Келісім ғалымдық климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдету және ғаламдық жылыну деңгейін индустриалдық кезеңге дейінгі температурасынан Цельсий бойынша екі градустан асырмай ұстап тұру үшін жасалған.

БҰҰ конвенцияға рекордтық межедегі елдер қол қояды деген болжамның өзі климаттың жылынуына күреске ғаламдық қолдау барын көрсетеді дейді. Бірақ кейбір экологтар конвенцияға қол қою шарасын "көпшілік назарын ғаламдық жылынудан өзге жаққа аудару" деп санайды.

Әлем елдері келісімге қол қойған соң оны ратификациялау керек. Келісім оны мақұлдаған елдер саны белгілі межеге жеткенде күшіне енеді. Келісімге қол қойған елдердің атмосфераға шығаратын ортақ парник газы көлемі әлемдік көрсеткіштің 55 пайызынан аспауы тиіс. Келісім күшіне енуі үшін оны кемінде 55 мемлекет мақұлдауы керек.

XS
SM
MD
LG