Accessibility links

Түркияда шабуылдан 3 сарбаз мерт болды


Түрік полицейлері Стамбулдағы жарылыс орнын қоршап жүр. 12 қаңтар 2016 жыл.

Түрік полицейлері Стамбулдағы жарылыс орнын қоршап жүр. 12 қаңтар 2016 жыл.

Түркияның негізінен күрдтер тұратын оңтүстік-шығысында бүгін әскерилер мінген көлік жарылып, үш сарбаз қаза тапты.

Мемлекеттік Anadolu агенттігінің 22 сәуірде хабарлауынша, жарылыс Тунджели және Элязыг қалаларын жалғайтын жол бойында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қолдан жасалған бомба жарылған.

Түркияның оңтүстік-шығысында шабуыл 2015 жылы шілдеде - тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының көтерілісшілері мен үкімет Түркия билігі арасындағы әлсіз бітім бұзылған соң жиілеген.

Бітім бұзылғаннан бергі қақтығыс пен шабуылдардан жүздеген адам, оның ішінде 350-ден астам қауіпсіздік күштерінің қызметкері қаза тапты.

XS
SM
MD
LG