Accessibility links

Шекара қызметі қырғыз азаматының ұсталғанын растады


Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы "Қордай" кеден бекеті.

Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы "Қордай" кеден бекеті.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі Азаттыққа биыл 9 сәуірде Қазақстан шекарасындағы "Қордай" өткізу бекетінде Қырғызстан азаматы Эрмек Джолдубаевтың ұсталғанын растады. Шекара қызметінің мәліметінше, 29 жастағы Джолдубаевтан екі грамм есірткілік зат - гашиш "табылған".

Қырғызстандық ақпарат құралдары бүгін әлеуметтік желілерде Эрмек Джолдубаевтың ұсталуы туралы ақпаратқа орай оның Қырғызстан бас прокуроры Индира Джолдубаеваның туысы болуы мүмкін деген пікір таралғанын хабарлаған.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Қырғызстан бас прокуратурасы Эрмек Джолдубаевтың 9 сәуірде мемлекеттік шекараны бұзбағанын және қазір Бішкекте отырғаны туралы ақпарат таратқан.

Шекара қызметінің хабарлауынша, ұсталған қырғыз азаматына қатысты "контрабанда" бабы бойынша тергеу басталып, іс материалы Жамбыл облысының Қордай аудандық прокуратурасына жіберілген.

XS
SM
MD
LG