Accessibility links

Каспийде ресейлік танкерде шыққан өртті сөндірмеуді ұйғарды


Мұнай таситын танкер. (Көрнекі сурет.)

Мұнай таситын танкер. (Көрнекі сурет.)

Ресей төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) Каспий теңізінің Түркіменстанға тиесілі аймағында ресейлік танкердегі өртті сөндіруге қатыспайды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлаған. Агенттіктің ТЖМ Оңтүстік аймақтық орталығындағы дереккөзінің хабарлауынша, құтқарылғандар саны бұған дейін хабарланғандай 18 адам емес, 10 адам деп айтқан. Бір механик қаза тапқан. Құтқарылған теңізшілердің барлығы Астрахань қаласына жеткізілмек.

PALFLOT деп аталатын кеменің өзі Таганрог портында тіркелген. ТАСС агенттігінеаймақ төтенше қызметіндегі дереккөзінің хабарлауынша, кеме толық өртенген соң теңізге батып кетеді делініп отыр.

«Интерфакс-Юг» агенттігінің хабарлауынша, Әзербайжан төтенше жағдайлар министрлігі өз кемелері мен тікұшақтарын Каспий жағалауынан 110 километр қашықтықта, Түркіменстанға қарасты теңіз аймағында өртеніп жатқан ресейлік кемедегі өртті сөндіруге жұмылдырған. Танкерде өрт болып жатқаны туралы суыт хабар бүгін таңертең түскен.

XS
SM
MD
LG